ТҮРКІСТАН: Сарыағаштық тұрғын мемлекет қолдауымен наубайхана ашты

0
695

Күніне 100-ден астам нан жауып, сауда нүктелеріне таратады.


ТҮРКІСТАН: Сарыағаштық тұрғын мемлекет қолдауымен наубайхана ашты

Сарыағаш тұрғыны мемлекеттік грантпен наубайхана ашып, кәсібін дамытып отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Адал еңбек, маңдай термен тапқан нанның қашан да берекесі мол болатыны анық. Бүгінде Түркістан облысында ерінбей еңбек етіп, кәсіптерін дөңгелетіп отырған азаматтар аз емес.


Солардың бірі – наубайхана өндірісін жолға қойған Сарыағаш ауданының тұрғыны, жеке кәсіпкер Р.Кемелов.


Кәсіпкер биыл сәуір айында мемлекеттік грант алып, «Пернебек ата» наубайханасын ашып, бүгінде нан өндірісін дамытып отыр. Күніне 100-ден астам нан жауып, сауда нүктелеріне таратады.


Кәсіпкерлік саласы көп еңбекті және тәуекелді талап етеді. Десе де, екі қолға бір күрек таба алмай жүрген жандарға үлкен мүмкіндік бар. Тек, кәсіп ашуға ниетті азаматтар мемлекеттің қолдауын дұрыс пайдалана білсе, еліміздегі кәсіпкерлік саласын бұдан да жоғары деңгейге көтеруге әбден болады.