ТҮРКІСТАН: Шардара су қоймасының мәселесі Үкіметте қаралды

0
730

Қоймадағы су көлемі 5,1 миллиард метр кубқа жеткен.


ТҮРКІСТАН: Шардара су қоймасының мәселесі Үкіметте қаралды

Экология және табиғи ресурстар министрі Шардара мен Көксарай су қоймаларындағы жағдай туралы айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов Экология министрі Зульфия Сүлейменоваға Шардара және Көксарай су қоймаларындағы жағдайға қатысты сұрақ қойды. Тиісінше, министр жағдайдың бақылауға алынғанын айтты.


«Қазіргі таңда жиналған су көлемі 5,1 миллиард м3 құрайды. Бірақ, айта кететін жайт, біз былтырғы жылы реконструкциясын өткізген едік. Шардарада қалыптасқан жағдай біздің бақылауымызда. Егер жағдай өзгеретін болса, біз тиісті шараларды қабылдаймыз. Көксарайда көп су жинақтап жүрген жоқпыз. Сонымен қатар, Сырдарияның төменгі ағысына суды өткізуді жоғарылату бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Осы мәселе шешілген жағдайда Арал теңізіне қарай судың өткізілуін жоғарылатамыз. Бірақ тағы да айта кететін жайт соңғы ақпартқа сәйкес, судың ағыны біршама төмендеген. Яғни бұл Шардараға келіп жатқан судың көлемін едәуір төмендететін болады», - деді Зульфия Сүлейменова өз сөзінде.


Өз кезегінде, Премьер-министр су қоймаларындағы жағдайға күнделікті мониторинг жасап отыру қажеттігін атап өтті.