ТҮРКІСТАН: Шардарадағы құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр

0
836

Свкер мен көшелер абаттандырылып, мектеп стадионын жөндеу жұмыстары жүргізіледі.


ТҮРКІСТАН: Шардарадағы құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр

Шардара ауданында құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Шардара ауданында «Жол картасы Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында Шардара қаласындағы «Үш Арыс» скверін және Жібек жолы көшесін абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме - «Б-Н Строй» ЖШС. Ондағы атқарылып жатқан жұмыстар: желілік саябаққа плитка жабынын төсеу, қоршау орнату, кіші сәулеттік нысандар қою, көгалдандыру және жарықтандыру. Аталған жұмыстар 2020 жылдың мамыр айында басталса, қыркүйек айында толық аяқталмақ.

Аталған аудандағы маңызды құрылыстардың бірі – Шардара аудандық №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жанындағы орталық стадионды жөндеу жұмыстары. Атап айтқанда, стадионның іргетасын қайта құю, қоршауын ауыстыру, жүгіру алаңын бетондап, резина төсеу, көрермендер трибунасын жөндеу жұмыстары аяқталып, ұсақ фракциялы асфальт төселген. Алдағы уақытта футбол алаңын жабдықтау, газон егу, прожекторды іске қосу, жылжымалы кіре беріс қақпасын ауыстыру жұмыстары жүргізілмек.

Ал жол құрылысы саласында 2020 жылы Шардара ауданы бойынша «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында жалпы ұзындығы – 18,04 шақырымды құрайтын барлығы 21 көшеге орта жөндеу жұмыстарына жүргізу жоспарланған. Бүгінгі таңда Көксу ауылдық округі мен Алатау батыр ауылдық округінде жалпы саны 16 көшеге орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальтбетон төселген. Қалған көшелердегі жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін аяқталмақ.