ТҮРКІСТАН: Сора өсіріп, сақтаған ағайынды екі азамат қамауға алынды

0
696

Үйлерінен 55 келі сора тәркіленді.


Түркістан облысының полицейлері ағайынды екі азаматтан 1350-ден астам сора түптерін тәркіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Қарасора-2023» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Түркістан облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі өсірді деген күдікпен бұрын сотталған екі ағайындыны анықтады.


Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер, күдіктілердің бірінің үйінен сораға ұқсас, құрамында есірткі заты бар өсімдіктің 1300 түбін анықтап, тәркіледі. Әрі қарай жедел уәкілдер, оның інісінің үйін тінту кезінде, есірткіге ұқсас тағы 59 түпті тәркіледі.


Тәртіп сақшылары тәркіленген заттай дәлелдемелерді сараптамаға жіберді. Қорытындыға сәйкес, айғақты заттар жалпы салмағы 55 келіден асатын сора болып шықты.


«Аталған фактілер ҚР ҚК-нің 300-бабы 2-бөлігі "Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру" бойынша тіркелді. Күдіктілер қамауда. Қазіргі уақытта екі ағайындыға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда», - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.