Аудан көлемінде 917 шақырым автомобиль жолы бар.
Созақтағы асфальтталған ішкі көшелер ұзындығы 226 шақырымға жетеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Созақ ауданы көлемінде 917 шақырым автомобиль жолы бар. Оның 435 шақырымы облыстық маңызы бар, 79 шақырымы аудандық маңызы бар жолдар. Ал 403 шақырымы елді мекендердің ішкі жолдары. Ағымдағы жылы аудан елді мекендерінің 49 ішкі көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда 27 көше толығымен аяқталып, қалған 22 көшенің жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде. Аудан бойынша елді мекендердің ішкі көшелерінің 195 шақырымы асфальт болса, жыл қорытындысы бойынша 226 шақырымға жететін болады.
Сондай-ақ, ауданды көгілдір отынмен қамту бойынша 2019 жылы магистральды газ құбырының құрылысы басталған болатын. Бүгінгі таңда 130-ға жуық көшеге газ құбыры тартылып, монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Ал ауыз сумен қамту бойынша аудандағы 35 елді мекеннің 28 елді мекенінде орталықтандырылған ауыз су құбырлары жүргізілген.