ТҮРКІСТАН: Созақтық түлектер 2 отбасыға баспана сыйлады

0
803

Түлектердің мектеп бітіргеніне 20 жыл болған.


ТҮРКІСТАН: Созақтық түлектер 2 отбасыға баспана сыйлады

Созақ ауданына қарасты Шолаққорған ауылы және Таукент кентіндегі екі мұқтаж отбасыға тұрғын үй кілті табысталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Созақ ауданына қарасты Шолаққорған ауылы және Таукент кентіндегі қос бірдей мұқтаж отбасыға тұрғын үй кілті табысталды. Аудан орталығындағы Тәкен Әлімқұлов атындағы мектеп лицей интернаты мен Ахмет Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектептерін бітіргеніне 20 жыл болған түлектер жаңа баспана тарту етті.


Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков игі іске ұйытқы болған түлектерге жылы лебізін білдіріп, игі іске ұйытқы болған түлектерді арнайы Алғыс хатпен марапаттады.


«Бүгін біз өнегелі істің куәсі болып отырмыз. Маңайыңдағы адамдарға мейірімділік пен ізгілік таныту – адамгершіліктің белгісі. Қайырымды болу – адамның болмысына біткен ізгі амал. Еселі еңбектерімен елдің құрметіне, көптің ыстық ықыласына бөлене білген түлектерге шынайы алғысымды білдіремін»,- деді аудан басшысы.


Тарқата айтсақ, Шолаққорған ауылынан берілген жаңа үй асханамен және үйге қажетті тұрмыстық жабдықтармен қамтылған. Су, жылу сынды коммуналдық қызметтері жүргізілген. Жер учаскесі 15 сотықты құрайды. Арнайы шарбақпен қоршалып, қосалқы шаруашылықты дамытуға және бау-бақша өсіруге мүмкіндік бар. Сондай-ақ, Таукент ауылынан берілген баспанада қажетті жабдықтарымен қоса алынып, орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған.


Айта кетейік, игі шараны қолға алған азаматтар үй егелерін өздері нақтылаған.