ТҮРКІСТАН: Тамақтану орындарының жұмысы қайта жанданды

0
2 725

Бір үстелде 4-6 адамнан асырмай отырғызылу қажет.


ТҮРКІСТАН: Тамақтану орындарының жұмысы қайта жанданды

Түркістан облысында қоғамдық тамақтану орындарының жұмысы қайта жанданды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысында қоғамдық тамақтану объектілері жұмыс және демалыс күндері санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, сағат 09.00-ден 24.00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат берілді. Үстелдер арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтап және бір үстелде 4-6 адамнан асырмай отырғызылу қажет. Бұл туралы облыстық санитариялық-эпидемиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышанов мәлімдеді.

Сонымен қатар, балалар ойын-сауық орталықтарының жұмысына, сауда үйлерінің, сауда желілерінің қызметін 30%-дан аспайтын толымдылығымен жұмыс және демалыс күндері сағат 09.00-ден 21.00-ге дейін рұқсат берілді.

«Спорттық шараларды - әлеуметтік қашықтықты, маскалық тәртіпті, термометрияны, көрермендерді шахматтық тәртіпте отырғызу, күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып өткізуге болады. Еске алу шарасын 30%-ға дейін толтырумен, 50 адамнан асырмай санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып өткізуге рұқсат. Сондай-ақ, жылжымалы цирктердің жұмысы, 30%-ға дейін толтырумен, көрермендерді қатардың ұзындығы бойынша әр 2 орыннан кейін отырғызумен қайта жанданады. Бильярд клубтарының жұмысына 30%-ға дейін толтырумен рұқсат берілді», - деді Нұрбек Садықбекұлы.