ТҮРКІСТАН: Тауда жоғалған екі жасөспірім құтқарылды

0
988

Құтқару операциясы 5 сағаттан астам уақытқа созылған.


ТҮРКІСТАН: Тауда жоғалған екі жасөспірім құтқарылды

Түркістан облысының Төлеби ауданында адасып кеткен балаларды таудан түсіру бойынша құтқару операциясы жүргізілді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Төтенше жағдай коимтеті жариялаған 16 маусым сағат 14:00-дегі жағдай бойынша Төлеби ауданындағы «Біркөлік» демалыс аймағында жоғалып кетіп, орны табылған екі жасөспірімді құтқарушылар таудан түсірді. Жасөспірімдерді таудан түсіру бойынша құтқару операциясы 5 сағаттан астам уақытқа созылған. Өйткені құтқару жұмыстарына жартастар, биік таулы және тік беткейлі жерлер кедергі келтірген.

«Шымкент қаласы ТЖД ЖҚЖ құтқарушылары альпинистік құрал-жабдықтарды қолдана отырып, балаларды түсіру және құтқару операциясы жүргізілді. Бүгін сағат 11:48-де бір жасөспірім қауіпті биіктіктен түсіріліп, медициналық жедел жәрдемнің қызметкерлеріне тапсырылды, жай-күйі қанағаттанарлық, дене жарақаттары жоқ. Сағат 12:50-де екінші жасөспірімді арнайы құрал-жабдықтарды қолдана отырып, 50 метр биіктікке көтеріліп, жаяу жолмен бір жарым сағат бойы түсірді», - делінген комитеттің ресми парақшасындағы мәліметте.

Айта кетсек, іздестіру-құтқару жұмыстарына барлығы 33 адам мен 11 бірлік техника құрамындағы күштер мен құралдар жұмылдырылған.