ТҮРКІСТАН: Темір бетон бұйымдарын өндіретін зауыт салынады

0
2 199

Құны 227,4 млн.теңгені құрайтын жобаны 2021 жылы іске қосу жоспарланып отыр.


ТҮРКІСТАН: Темір бетон бұйымдарын өндіретін зауыт салынады

Келес ауданында темір бетон бұйымдарын өндіретін зауыттың құрылысы басталмақ, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгінгі таңда аудан аумағында жұмыс істеп тұрған ірі 6 кәсіпорын бар. Олар, «Мерген-Н» ЖШС, «Оңтүстік жол сервис» ЖШС, «Келесгидрострой» ЖШС–нің «Рысжан» шағын ГЭС және «Қошқарата» шағын ГЭС, «ТМстрой 21» ЖШС, «Көшім» ШҚ. Ағымдағы жылы кәсіпкерлік саласында 9 индикаторлық көрсеткіш бекітілді. Бұл туралы бүгін Келес аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Мадияр Әшірбаев бөлім атынан ашылған «facebook» әлеуметтік желісінде тікелей эфирде мәлімдеді.

Бөлім басшысының айтуынша, 2015-2019 жылдарға арналған «Индустриалды инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде, кәсіпкерлікті қолдау картасына жалпы құны 998,4 млн.теңгені құрайтын 3 жоба енгізіліп, жалпы құны 771,0 млн.теңгені құрайтын 2 жоба 2020 жылы, ал, жалпы құны 227,4 млн.теңгені құрайтын 1 жобаны 2021 жылы іске қосу жоспарланып отыр.

Сәйкесінше, 2020 жылғы жоспарға, жалпы құны 771,0 млн.теңгені құрайтын 2 жоба («ТМстрой 21» ЖШС-нің Бірлік ауылдық округі аумағынан жалпы құны 520,0 млн.теңгені құрайтын күйген қыш шығаратын зауыты және «AIBI-I (АИБИ-АИ)» ЖШС-нің Біртілек ауылдық округі аумағынан жалпы құны 251,0 млн.теңгені құрайтын күйген қыш шығаратын зауыты) толығымен іске қосылып, мемлекеттік қабылдау актісі әділет басқармасына тіркелді.

Ал, 2021 жылы ЖК «Қашқынбаев Б.Ж.» Келес ауданы, Біртілек ауылдық округі аумағынан жалпы құны 227,4 млн теңгені құрайтын темір бетон бұйымдарын өндіретін зауыттың құрылысы жоспарланып, қазіргі таңда өзіне тиесілі 6,0 га жер учаскесіне іргелес жатқан ауданның арнайы жер қорында тұрған 2,0 ге жер учаскесі бөлініп, жер қойнауын пайдалануға рұқсат құжаттарын алында. Кәсіпорын орналасатын жер учаскесін тегістеу және жарықтандыру бойынша жұмыстары аяқталды.