ТҮРКІСТАН: «Төлебиге алып баратын жолды» жөндеу басталды

0
1 170

Көп тілегі орындалар күн жақын.


ТҮРКІСТАН: «Төлебиге алып баратын жолды» жөндеу басталды

Сайрам ауданы мен Төлеби ауданын қосатын "Көксәйек-Ақсу-Шаян-Мыңбұлақ" жолы жөндеуден өткізіледі, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ел ішінде "Қарамұрттың Төлебиге алып баратын жолы" атанып кеткен Түркістан облысындағы Сайрам ауданы мен Төлеби ауданын қосатын "Көксәйек-Ақсу-Шаян-Мыңбұлақ" КХ-3 автомобиль жолының орташа жөндеу жұмыстары басталды.

Атап өтсек, 22 шақырымға созылып жатқан Ақбұлақ, Қарамұрт ауылдарын қиып өтетін облыстық маңызы бар жолдың Ақсукент ауылына дейінгі бөлігін орташа жөндеуден өткізу үшін облыстық бюджеттен биыл 983,0 млн теңге қаралған. Жол құрылысына ойнатылған конкурсты "СИТИ-строй" ЖШС мердігер мекемесі ұтып алып, жұмысқа жауапты болып отыр. Бұл нысанның құрылыс жұмыстары 2021 жылға өтпелі болып бекітілген.

Айта кетсек, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жыл басында өңірдегі, әсіресе туризм жақсы дамыған аймақтардағы автомобиль жолдарының сапасын арттыру қажет екенін айтқан еді. Осы орайда қазіргі уақытта Ордабасы, Шардара, Келес, Сарыағаш аудандарында жол жөндеу жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. Тиісінше, жолдардағы орташа және күрделі жөндеу жұмыстары қатаң бақылауға алынған.