Түркістан төріне Қазығұрт ауданының мәдени көші келді

0
466

Мәдениет күндері үш күнге жалғасады.


Түркістан төріне Қазығұрт ауданының мәдени көші келді

Түркістанға Қазығұрт ауданының мәдени көші келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласында «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Қазығұрт ауданының мәдениет күндері бастау алды. Қазығұрт көшінің шымылдығы Этноауыл аумағында «Ұлттық қолөнер – ұлы мұра» атты қолөнер шеберлерінің көрмесімен ашылды. Шара барысында ауданның қылқалам және қолөнер шеберлерінің ерекше туындылары көпшілік назарына ұсынылып, қала тұрғындары мен қонақтарының оң бағасын алды.


Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай және ұлттық мәдениет пен өнерімізді дәріптеу, Түркістанның туристік әлеуетін дамыту мақсатында ұйымдастырылған фестиваль аясында Қазығұрт ауданының мәдениет күндері үш күнге жалғасады.


Ертең, 13 сәуір күні Этноауыл аумағында сағат 11:00 мен 18:00 аралығында «Ұлт тәрбиесінің өзегі – ұлттық тағам» атты ұлттық тағамдар көрмесі, «Ата салтым – алтын қазынам» атты салт-дәстүр, әдет-ғұрып көріністері мен «Ұлттық ойын – халық мұрасы» атты ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өтеді. Сонымен қатар сағат 16:00-де облыстық «Farab» кітапханасында Кеңес Жұмабековтың «Адасқандар» драмалық қойылымы сахналанады.


Ал 14 сәуір күні сағат 19:00-де «Visit Turkistan» орталығы алаңында «Өнері өрлеген өлке» атты аудан өнерпаздарының қатысуымен гала-концерт өтеді.