ТҮРКІСТАН: Түлкібаста 30 шақырымға жуық жол жөнделіп жатыр

0
749

3,8 шақырым аяқ жол құрылысы аяқталып, тұрғындар игіліктеріне пайдалануда.


ТҮРКІСТАН: Түлкібаста 30 шақырымға жуық жол жөнделіп жатыр

Түлкібас ауданының әкімі тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгін аудан әкімі Н.Байғұт және аудандық мәслихаттың хатшысы С.Сейсенбаев Арыс және Келтемашат ауылдық округтерінде болып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Кездесу барысында округ әкімдері ағымдағы жылдың 9 ай қорытындысымен атқарылған жұмыстарын баяндап, тұрғындар көкейлерінде жүрген сауалдары мен ұсыныстарын аудан басшылығына жеткізді. Аудан әкімі айтылған өтініштердің барлығы жіті бақылауға алып, тиісті жұмыстар атқарылатындығын атап өтті.


Мәселен, Арыс ауылдық округі тұрғындарының өтінішімен Керейт ауылына қарасты Пернебекұлы және Еркінбек көшелеріне түнгі жарық шамдар орнатылып, Әсілбекұлы көшесіне жаяу жүргіншілер жолын салу жұмыстары жүзеге асқан.


Келтемашат ауылдық округіне келетін болсақ, биылғы жылы округке қарасты Сеславино ауылының мектебін қайта құру жұмыстары толығымен аяқталып, елді мекенде бала санының артуына байланысты қосымша 150 орындық жаңа мектеп ғимараты бой көтерді. Сондай-ақ, округ тұрғындары тарапынан көп жылдан бері көтеріліп келе жатқан өзекті мәселенің бірі Кершетас-Келтемашат-Даубаба бағытындағы КХ-71 облыстық маңызы бар жолды жөндеу жұмыстары биыл бастау алған. Халықпен кездесуден соң аудан басшысы аталмыш жолдың құрылыс барысын бақылап қайтты.


Бүгінде 26,2 шақырымды құрайтын жолдың 2,4 шақырымы аяқталған. Және де ауыл тұрғындарына ыңғайлы жағдай жасау мақсатында аяқ жол құрылысы да бірге іске асуда. Қазіргі таңда елді мекен шегіндегі 3,8 шақырым аяқ жол құрылысы аяқталып, тұрғындар игіліктеріне пайдалануда.