Демалыс орындарына субұрқақтар, балалар ойын алаңшалары мен стрит воркауттар орналастырылған.
Өткен жылы Түркістан облысы, Түлкібас ауданында абаттандыру, көріктендіру бағытында ауқымды жұмыс атқарылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түлкібас ауданының әкімі Нұрлан Байғұттың тұрғындар алдында есеп беру кезінде халық тарапынан жастардың заман талаптарына сай демалатын орындарының жоқ екендігі жөнінде мәселелер көптеп көтерілген болатын. Тұрғындардың өтінішін қанағаттандыру мақсатында аудан әкімінің тікелей бастамасымен аудан орталығынан «Менің Түлкібасым» демалыс орыны бой көтеріп, «Тұнғыш Президент» және «Орталық» саябағының аумағы толығымен жөнделді. Демалыс орындарына субұрқақтар, балалар ойын алаңшалары мен стрит воркауттар орналастырылды. Түнгі уақытта демалыс орындарының бейнесін айшықтай түсетін түрлі композициядағы жарық шамдары орнатылды.
Абаттандыру жұмыстары ауданның басқа да елді мекендерінде жалғасып, халық көп шоғырланған Түлкібас және Састөбе кентінде балалар ойын алаңшасы мен стрит воркаут бой көтерген. Жабағы ауылының кіре берісіне және Т.Рысқұлов ауылының шығыс қақпасына ауыл атауы жазылған аркалар бой көтеріп, ауыл көркін аша түскен. Бұдан бөлек, дүние жүзін жаулаған пандемия кезінде ауданның дәрігерлеріне тағзым көрсету мақсатында аудан орталығынан «Дәрігерлер аллеясы» салынған.