ТҮРКІСТАН: Түлкібаста көпбалалы ана екі сиыр бағып сүтін сатып отыр

0
2 083

Көпбалалы ана атаулы әлеуметтік көмек​тің қаржысына екі сауынды сиыр сатып алған.


ТҮРКІСТАН: Түлкібаста көпбалалы ана екі сиыр бағып сүтін сатып отыр

Түлкібастық көпбалалы ана атаулы әлеуметтік көмек қаржысына үй іргелік сүт фермасын ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгінгі таңда Түлкібас ауданында жұмыссыз, тұрмысы төмен азаматтарға және табысы төмен отбасыларға, оның ішінде көпбалалы отбасыларға мемлекет тарапынан тұрмыс сапасын арттыруға және өзін-өзі жұмыспен қамтуға бағытталған бағдарламалар толыққанды іске асуда.

Бүгінде мемлекет тарапынан төленіп жатқан атаулы әлеуметтік көмекке Түлкібас ауданына қарасты Шұқырбұлақ ауылының тұрғыны, көпбалалы ана Мунира Парманова қол жеткізіп отыр. Тағайындалған жәрдемақы қаржысына 2 бас сауынды сиыр алып, өз жеке кәсібін өрлетуге жол ашып отыр.

"Мен бес баланың анасымын. Жыл басында көп балалы аналарға атаулы әлеуметтік көмек берілетін болды дегенді есітіп қуанып қалдық. Осы күнге дейін алатын болмашы қаржы біріне жетсе біріне жетпейтін. Амал жоқ, жоғына барын құрап «жоқ» демей өмір сүріп келдік. Сөйтіп, қажетті құжаттарымызды жинап, көмек алуға асықтық. Сондағы ойымыз баршылықта, молшылықта өмір сүретін болдық қой дегеніміз. Расымен де, атаулы көмекті алған соң жағдаймызда едәуір жақсарды", - дейді Мунира Парманова.

Аталған жәрдемақы қарапайым отбасылар үшін жасалған үлкен көмек, деп отыр ол. Аз уақыттың ішінде қаржылай көмекке қол жеткізген Мунира үй шаруашылығына 2 бас сүт бағытындағы ірі қара алып, бала-шағасынан артылған сүтті көрші-қолаңға сатып, ірі қаралардың жем-шөбін қыс мезгіліне дайындап отыр.

Алдағы уақытта осы салада жұмыс жасап, үй іргелік шағын сүт фермасын ашуды да жоспарлауда. Осындай өлшеусіз көмек көрсеткен Үкіметке көп балалы ана ретінде де өз алғысын жеткізді.