ТҮРКІСТАН: Заңсыз соғылған тұрғын үйлердің иелеріне айыппұл салынып жатыр

0
564

Жер қатынастары саласындағы ең өзекті мәселелердің бірі.


ТҮРКІСТАН: Заңсыз соғылған тұрғын үйлердің иелеріне айыппұл салынып жатыр

Сайрамдағы заңсыз салынған тұрғын үйлердің иелеріне айыппұл салынуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Ш.Убайдуллаев төрағалығымен өткен лездемелік мәжіліске ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары және аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Е.Түктібай , Сайрам аудандық аурухана бас дәрігері Қ.Ыдырысов, «Қарабұлақ» аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары З.Оспанова қатысты.


Атап өтсек, Қарабұлақ ауылдық округінде заңсыз салынған тұрғын үйлер - ауданның жер қатынастары саласындағы ең өзекті мәселелердің бірі. Жер қатынастары бөлімі Ортабұлақ аумағындағы мемлекет меншігіндегі жерде орналасқан 62 жеке тұрғын үйлердің иелері анықталып, өз құзырында шара көру үшін Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің атына 62 хат жолданған.


"Нәтижесінде 20 азаматқа айыппұл салынды. Қалған 42 азаматқа шара көру жұмыстары өте баяу жүргізілуде. Мемлекет меншігіндегі жер учаскелерінде салынған тұрғын үйлерге заң талаптарына сай әкімшілік шара көріп, тұрғын үйлерді бұзу бойынша сотқа талап арыз беру қажет. Себебі 2019 жылы ТО әкімдігімен дайындалған алгоритм бүгінгі күнге дейін іске аспай отыр. Осыған байланысты, алгоритмге қатысы жоқ, ауылдық округ құзырындағы іс шараларды 2021 жылдың соңына дейін жүзеге асыруды Қарабұлақ ауыл округі әкіміне тапсыруыңызды сұраймын», - деді аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Нұрбол Керімбекұлы.