Түркістан және Жамбыл облыстарын жалғайтын жол пайдалануға берілді

0
741

Екі облысты жалғап жатқан жолдың тозығы жеткен еді.


Түркістан және Жамбыл облыстарын жалғайтын жол пайдалануға берілді

Түркістан облысының Созақ ауданы мен Жамбыл облысының Сарысу ауданын жалғап жатқан жол жөнделді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының Созақ ауданы мен Жамбыл облысының Сарысу ауданын жалғап жатқан жолдың тозығы жеткен болатын. Аталған жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп толық пайдалануға берілді. Түркістан облысы аумағындағы 24 шақырым жол 2020 жылдың тамыз айында басталып, биыл аяқталып отыр. Жаңа жолдың ашылу салтанатына екі облыстың сала басшылары мен ақсақалдары арнайы қатысып, қуаныштарымен бөлісті. Автомобиль жолының тапсырыс берушісі – Түркістан жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы. Мердігер мекеме - «Шымкентдорстрой» ӨК». Техникалық қадағалаушы мекеме - «Оңтүстік жолдары» МКК.


Сондай-ақ, қазіргі таңда Кентау қаласы мен Түркістан халықаралық әуежайын жалғайтын жаңа жолдың құрылысы жүріп жатыр. 2020 жылдың желтоқсан айында басталған жөндеу жұмыстары 2022 жылға өтпелі. Мердігер мекеме - «Корпорация «Береке А» ЖШС. Жолдың жалпы ұзындығы - 26,6 шақырым болса, ені – 9 метр. Жобаның жалпы құны – 8 млрд 58 млн теңге.


Түркістан облысында жол жөндеу жұмыстары қарқынды. Соның бірі «Кентау қаласындағы облыстық маңызы бар КХ-56 «Жамбыл облысы шекарасы-Құмкент-Шолаққорған-Ащысай-Р-31» автомобиль жолының 76-91 шақырымына орташа жөндеу жұмыстарының жүруі. Жолды жөндеу жұмыстары 2021 жылдың қыркүйек айында басталған. 2022 жылы пайдалануға берілмек. Жалпы ұзындығы – 15 шақырым, ені – 6 метр.


Сонымен қатар, Бәйдібек ауданындағы облыстық маңызы бар КХ-7 «Екпінді-Шалдар-Сарқырама-Кеңес-Бірлік» автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары жүруде. Жөндеу жұмыстары 2021 жылдың тамыз айында басталып, 2022 жылы аяқталмақ. Тапсырыс беруші - Түркістан жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы. Мердігер мекеме - «СТ-Сервис» ЖШС. Жөндеуден өтіп жатқан жолдың ұзындығы – 36 шақырым, ені – 6 метр.


Айта кетерлігі, Түркістан облысы құрылғалы 3 жылда өңірде 5 мың шақырымға жуық жол пайдалануға берілген.