Аталмыш шара 9-13 желтоқсан күндері аралығында өтуде.
Түркістан облысы аумағында кәмелет жасына толмағандар арасындағы қылмыстармен құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары қолға алынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері 9-13 желтоқсан күндері аралығында «Жасөспірім» жеделдетілген-профилактикалық іс-шарасы өткізді.
Мәселен, Келес АПБ ЖПҚ ЮПТ полицейлері және аудандық жастар орталығының қызметкерлерімен түнгі уақытта рейдтік іс-шаралар өткізді. Іс-шараны жүргізу барысында желтоқсан айының 10 күнінде ата-анасының немесе заңды өкілінің ертіп жүруінсіз жүрген 15 жасөспірім аныкталды, оларға ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ескерту берілді.
Одан бөлек, Түлкібас АПБ-нің қызметкерлері бекітілген бұйрық пен жоспарға сәйкес аудан аумағында күнделікті тексеру жұмыстарын жүргізуде. Түнгі рейд жұмыстарына тәртіп сақшыларымен қоса «Нұр Отан» партиясының өкілдері, білім беру бөлімдерінің қызметкерлері, жастар орталығының мамандары мен ата-ана комитетінің мүшелері де ат салысуда.
Аталған іс-шара барысында Түлкібас ауданы бойынша барлығы 27 тойхана, 13 кафе, 4 ойын-сауық мекемелері тексерілді. ҚР ҚК-нің 442-бабы бойынша 5 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, ата-аналарға ескерту жасалды, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» - дегендей, жасөспірімдеріміздің тура жолда жүруінде осылай бірлікте қызметтер атқаратын болсақ, жақсы нәтижеге қол жеткізетініміз анық. Сондықтан болашақтың кілті болар жастарымызды тәртіпті, салауатты өмір салтын ұстанған, нағыз елінің патриоттары етіп тәрбиелеуге ата-ана, мұғалімдер, тиісті органдар, қоршаған ортасы болып бір кісідей жұмыс жасайық. Әрқайсымыз өз ұл-қызымызға ел мақтайтындай тәлім берсек, нұр үстіне нұр болмақ.