Қазіргі уақытта соңғы кезеңінде құрылыс жұмыстары жалғасуда.
Түркістан қаласындағы Б. Саттарханов даңғылы бойында "Желілік саябақ" салынып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан қаласындағы Б. Саттарханов даңғылы бойында "Желілік саябақтың" құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Жалпы, саябақты үш кезең бойынша абаттандыру жоспарланса, қазіргі уақытта соңғы кезеңінде құрылыс жұмыстары жалғасуда.
Жалпы, III кезеңі 16 гектарға жуық көлемде 5 аумаққа бөлініп жүргізілуде. Әр аумақтың құрылыс аумағында ағаштар, гүлдер, субұрқақтар, кіші архитектуралық формалар орналастырылуда. Жасыл желекке айналдыру мақсатында газондар да егілуде. Атап айтқанда, 5425 дана ағаш, 12708 жасыл бұта келушілер үшін саялы бақ, жайлы климат және көлеңке сыйламақ.
Жоспарланған 1329 дана жарықшам да қойылып, кешкі уақытта Желілік саябақтың ажарын ашып, әрі серуендеу үшін қауіпсіздіктің жандануына сеп беруде. Құрылысы қарқынды жүріп жатқан саябақтың бұл аумақтарындағы жұмыстар биыл жазда аяқталады деп жоспарланған.