ТҮРКІСТАН: Жетісайда 104 көше жөнделеді

0
803

Жұмысқа жалпы 1 млрд. 735 млн теңге бөлінген.


ТҮРКІСТАН: Жетісайда 104 көше жөнделеді

Түркістан қаласын көгалдандыру жұмыстары жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Жетісай ауданының тұрғындары мен қонақтардың жүріп-тұруына қолайлы орта қалыптастастыра отырып жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласын дамытуға қаралған қаржылар көлемі жылдан-жылға артып, атқарылып жатқан жұмыстардың ауқымы да ұлғайып келеді.


Жалпы ұзындығы 918 шақырымды құрайтын Жетісай ауданындағы 1200 ішкі көшенің жақсы және қанағаттанарлық жағдайын 60 пайыздан 100 пайызға жеткізу бойынша арнайы жобалар жүзеге асырылуда.


2022 жылы 1 млрд 418 млн теңгеге жалпы ұзындығы 65,7 шақырымды құрайтын 77 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілсе, биыл 1 млрд. 735 млн теңгеге жалпы ұзындығы 70,5 шақырымды құрайтын 104 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.


Оның ішінде «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 1 млрд 111 млн теңгеге Атамекен, Қызылқұм, Арай, Сұлубұлақ, Жылы су ауылдық округінің Сейфуллин елді мекендерінде жалпы ұзындығы 44 шақырымды құрайтын 61 көшеге, жергілікті бюджет пен субвенция есебінен 624 млн теңгеге жалпы ұындығы 26,5 шақырымды құрайтын 43 көшеге орташа жөндеу жұмытары жүргізілетін болады.


Сонымен қатар, 55,1 млн теңгеге жалпы ұзындығы 4,85 шақырымды құрайтын 10 көшеге ағымдағы жөндеу (тас төсеу), аудандық маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерін күтіп-ұстауға бөлінген 30 млн теңгеге ішкі көшелерге ағымдағы жөндеу жұмстары жүргізіліп, 17 мекен-жайға стандартқа сай 150 метр жасанды жол кедергілері мен 80 жол белгілері орнатылатын болады. Оған қоса, 23 мекен-жайға жаяу жүргінші өткелдері мен 18,1 шақырым қарама-қарсы бағытты айқындайтын жол сызбаларын таңбалау жұмыстары жүргізілуде.


Жергілікті бюджет есебінен 10,9 млн. теңгеге Қызылқұм ауылдық округі Түркебай елді мекеніндегі облыстық маңызы бар КХ-75 және КХ-27 автомобиль жолдарының қиылысына бағдаршамдар орнатылып, жол сызбалары таңбаланып, аудандағы бағдаршамдар мен бейнебақылау камераларын күтіп-ұстау жұмыстарына 6 млн теңге бөлініп, қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.