ТҮРКІСТАН: Жетісайда 77 көшеге жөндеуден өткізілді

0
1 138

1 млрд. 983,5 млн теңге бағытталған.


ТҮРКІСТАН: Жетісайда 77 көшеге жөндеуден өткізілді

Жетісай ауданында жол сапасы жақсарып келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен өңірде жолдардың сапасын жақсарту жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Жетісай ауданында да бұл салада жұмыстар бар.


Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов жол жөндеу жұмыстарына бақылау жүргізді. Ішкі жолдарға төселіп жатқан асфальттардың сапасын назарға алды.


Аудан халқына ыңғайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстар өз жалғасын табады. Мәселен, тұрғындардың жүріп-тұруына қолайлы орта қалыптастастыра отырып, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласын дамытуға 2023 жылға Ұлттық қор, облыстық және жергілікті бюджет есебінен 1 млрд. 983,5 млн теңге бағытталған.


Өткен жылы аудан аумағында жол жөндеу жұмыстарына бөлінген 1 418,2 млн. теңгеге жалпы ұзындығы 65,7 шақырымды құрайтын 77 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген.


Жетісай ауданында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 1 млрд 111,1 млн. теңгеге Атамекен, Қызылқұм, Арай, Сейфуллин (Жылы су), Сұлубұлақ елді мекендерінде жалпы ұзындығы 44 шақырымды құрайтын 61 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.


Сондай-ақ жергілікті бюджет және субвенция есебінен 624,2 млн. теңгеге жалпы ұзындығы 26,5 шақырымды құрайтын 43 көше орташа жөндеуден өткізіледі.