ТҮРКІСТАН: Жетісайда 800-ден астам адам мемлекеттік грантқа ие болған

0
515

Қажетті жабдықтар алу үшін қосымша қаржы қаралған.


ТҮРКІСТАН: Жетісайда 800-ден астам адам мемлекеттік грантқа ие болған

Жетісай ауданында 800-ден астам адам мемлекеттік грант алып, кәсіп ашқан, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Жетісай ауданында 2020 жылы 843 азамат жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант ұтып алған. Қайтарымсыз қаражатқа қол жеткізгендер ішінде 86 адам «Бастау бизнес» жобасы аясында мамандардан кәсіпкерлік негіздері бойынша дәріс алып үлгерген.

Сонымен қатар, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқуды аяқтағандар саны – 536 болса, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны - 219 адамды құрайды. Оған қоса, мемлекеттік грантты тиімді пайдалану үшін 43 адам қажетті жабдықтар сатып алуға, 131 адам техникалық құрал-жабдықтарды алуға, 669 адам мал және құс шаруашылығын дамытуға қаржы алған.

Сондай қысқа мерзімді кәсіптік оқуды аяқтағандардың бірі Жетісай қаласының тұрғыны Жазира Артықова. Жеке кәсіпкер автокөліктердің орындығын қаптауға тігін машинасын сатып алу үшін 555 600 теңге көлемінде мемлекеттік грант алған. Бүгінде ол өз ісін өркендету бағытында еңбек етуде.