Өрт салдарынан жарақат алған немесе қайтыс болғандар жоқ.
Түркістан облысы Жетісай ауданында базардан өрт шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
"Күлпаршын" базарынан өрт шыққаны туралы Жетісай аудандық өрт сөндіру бөліміне хабарлама сағат 20:27-де кеп түскен. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер базардағы "Азамат" азық-түлік дүкені мен қасапхана өртеніп жатқанын анықтаған. Тілсіз жау сағат 20.50-де ауыздықталып, 21.05- те толық сөндірілген. Өрт салдарынан жарақат алған немесе қайтыс болғандар жоқ.
"Тиісті өрт сөндіру техникалары 20:28 минутта шығып, өрт болған жерге 20:29 минутта жеткен. Аныкталғаны жалпы көлемі 50 шаршы метрды құрайтын "Азамат" азық-түлік дүкенімен қасындағы қақсапхана өртке оранған.
Өрттің беті 20 сағат 54 минутта қайтып, 21:05 минутта өрт толығымен сөндірілген.
Өрт сөндіруге барлығы 3 техника жұмылдырылған,"- деп мәлімдеді Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.