ТҮРКІСТАН: Жетісайда заңсыз жолаушы тасымалына қарсы күрес жүріп жатыр

0
1 857

Жетісайда заңсыз жолаушы тасымалдау бойынша 14 рейдтік іс-шара өткізіліп, 62 заңсыз жеке көлік тасымалдаушыларға әкімшілік хаттамалар толтырылған.


ТҮРКІСТАН: Жетісайда заңсыз жолаушы тасымалына қарсы күрес жүріп жатыр

Аудандағы заңсыз жолаушы тасымалының алдын алу мақсатында 14 рейдтік шаралар ұйымдастырылып, 62 автокөлік иесіне хаттама толтырылған деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жетісайдағы заңсыз жолаушылар тасымалына тосқауыл қою, такси тұрақтарын реттеу, такси көлігінің жұмысын оңтайландыру бойынша аудандық полиция бөлімімен бірлесіп 14 рейдтік іс-шара өткізіліп, 62 заңсыз жеке көлік тасымалдаушыларға әкімшілік хаттамалар толтырылған. Бұл жөнінде Жетісай аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Нұркен Әлмеш мәлім етті.

Мұнан да басқа биыл аудандағы орта және күрделі жөндеу жұмыстарына 3 млрд теңге қаралып, 136 шақырым жолдар жөндеуден өткізілуде.

Бөлім басшысының мәліметінше Жетісай ауданы бойынша 12 көше қиылысында бағдаршамдар орналасқанын және оларды күтіп ұстау үшін жергілікті бюджеттен 5 млн теңге қаражат қаралса, жергілікті бюджеттен бөлінген 2 млн. теңгеге стандартқа сай жасанды жол кедергілері мен жол бергілері орнатылған.

Оған қоса, жергілікті бюджеттен қосымша 2 млн. теңге бөлініп, стандартқа сай 109 жол белгілерін орнату жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы аудан бойынша аудан бойынша 17 көшеге ағымдағы жол жөндеу жұмыстарын жүргузіге бюджеттен 5 млн. теңге бөлінген.

Сонымен қатар, Жетісай ауданы бойынша орта жөндеуден өткізуге аудандық маңызы бар 5 жолдың және 192 ішкі көшенің сметалық құжаттамалары жасақтауға 2 млрд. 846 млн. 344 мың теңге бөлінген. Оған қоса аудан бойынша ұзындығы 141 шақырымды құрайтын 291 топырақ көшеге тас төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл мақсаттағы сметалық құжаттамаларға 872 млн. теңге қаржы бөлінген.