ТҮРКІСТАН: Жиын-терім жұмыстарына 43 мың тонна жанар-жағар май бөлінді

0
568

Жанармайдың литрі 172 теңгеден босатылып жатыр.


ТҮРКІСТАН: Жиын-терім жұмыстарына 43 мың тонна жанар-жағар май бөлінді

Түркістан облысында 280 мың тонна шитті мақта теру жоспарланған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Биыл Түркістан облысында жалпы 110 мың га жерден 280 мың тонна шитті мақта теру жоспарланған. Мақта талшығы Еуропаға экспортталады. Сонымен қатар, жиын-терім жұмыстарына 43 мың тонна жанар-жағар май бөлінді. Оның бағасы литріне 172 теңгеден босатылып жатыр.


Өзбекстаннан келген делегация Мырзакент жаңа мөлтекауданында салынған 1200 орындық мектеп құрылысымен танысты. Онда орнатылған заманауи қондырғылар мен мектепте ендірілген өңірде бұрын-соңды болмаған жаңа жобаның мүмкіндіктерін жоғары бағалады. Жаңа мектепке жиналған мырзашөлдіктер Мақтааралдың жаңа кейіпке еніп, бұрыннан да ажарлана түскенін мақтанышпен жеткізді. Халықтың қиындық кезінде тыныш тұрмыс іздеп, басқа жаққа үдере көшпегенін қуана айтты.


«Қиындықтар ұмытылып, туған өлкеміз бұрынғыдан да гүлденіп келеді. Қаншама жаңа ғимараттар, емдеу мекемелері салынды. Айнала көкке оранып, ауданымыз ажарлана түсті. Өзбекстан халқымен ғасырлар бойы бірге өсіп келеміз. Ол жақта ағайын-туыс тұрады. Бір өзеннен су ішіп, бір ауамен тыныстанған туыс халықпыз. Қиындықта көмек беріп, қуанышымызды да бөлісіп отыр», - дейді Мырзакент ауылының тұрғыны Шахзада Құрбанбаева.


Сонымен бірге, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев арнайы делегацияны Жетісай қаласындағы «Қыдыр ата» жекеменшік емхананың жұмысымен таныстырды. Заманауи жабдықталған медициналық мекемеде 120 емделушіге дейін ем қабылдай алады. Клиника дәрігерлері 100 шақырым жерде орналасқан Ташкенттік әріптестерімен тәжірибе алмасып отырады.