ТҮРКІСТАН: Ж.Майкотов көшесі әуежай жолына дейін ұзартылады

0
843

Жалпы ұзындығы 6,5 шақырымды құрайды.


ТҮРКІСТАН: Ж.Майкотов көшесі әуежай жолына дейін ұзартылады

Түркістан қаласындағы Ж.Майкотов көшесін ұзарту жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан қаласындағы Ж.Майкотов көшесін «Түркістан Халықаралық әуежайы» жолына дейін ұзарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы ұзындығы 6,5 шақырымды құрайтын автожол құрылысы «Ақ-жол» ЖШС тарапынан жүргізілуде. Бұл Шәуілдірден тікелей Шымкент бағытына, «Түркістан Халықаралық әуежайы» мен Әкімшілік-іскерлік орталық және жаңа темір жол вокзалына кедергісіз қосатын күре жол болып саналады.


Бүгінге дейін жолдың 5,5 шақырымына жол негізі әзірленіп, жүріс бөлігіне асфальт жабыны төселген. Сонымен қатар, науа (лоток), аяқжол, веложол мен жарық жүйесінің бағаналары орнатылды.


Ал, жолдың қалған бір шақырымы, яғни М32 Самара-Шымкент автодәлізі мен №9 көше аралығына өзгеріс енгізіліп, 4 жолақты жолдан 6 жолақты жолға өзгертілген. Аталған аумаққа да асфальт асфальт жабыны төселіп, жарықтандыру жүйесімен толық жабдықталған.