ТҮРКІСТАН: «Жылды жақсылықпен қарсы ал» қолөнер байқауы өтті

0
687

Бірнеше жас ерекшеліктері бойынша сайысты.


ТҮРКІСТАН: «Жылды жақсылықпен қарсы ал» қолөнер байқауы өтті

Бүгін Түркістан «Оқушылар сарайы» ЮНЕСКО клубының ұйымдастыруымен «Жылды жақсылықпен қарсы ал» атты қолөнер байқауы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бұл байқау жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін арттырып, шығармашылық арқылы табиғаттағы проблемаларға назар аударту мақсатында ұйымдастырылды. «Өнер» бөлімнің ұйымдастыруымен өткен байқауға керамика және мүсін, киім моделін жобалау, зергерлік өнер, шебер қолдар, ағаш шебері, сурет және рмексазбен мүсіндеу үйірмелері қатысты. Байқауға қажетті материалдарды қатысушылар өздерімен бірге алып келіп, пластик, мата қиындылары, қағаз, шикізат пен қалдықтарын пайдаланды.


Байқау нәтижесі бойынша 7-10 жас аралығында Асқарқызы Айкөркем мен Рахманәлі Еркеназ бірінші, Асан Аяла екінші және Мустафаева Раяна үшінші орынды иеленді. 11-14 жас аралығында Керімбек Шах-Карім мен Керімбек Райымбек бірінші орынды иеленсе, Икапова Адема мен Валихан Ақжібек екінші, ал Абдуллахат Ракия үшінші орынға қол жеткізді.


Сондай-ақ, 15-17 жас аралығында Әбдіханов Әбдуәлі бірінші, Қайрат Тұрар екінші және Айтбай Мереке үшінші орынды иеленді. Барлық қатысушыларға алғыс хат табысталды.