Түркістанда Алғыс айту күні мерекесі басталып кетті

0
2 165

Бүгін Түркістан қаласында 1 наурыз - Алғыс айту күніне орай онкүндік басталды, -деп хабарлайды ERNUR.KZ. "Тарихқа тағзым", "Қайырымдылық", "Шабыт", "Көршіге ізет", "Тазалық", "Құрмет", "Өлкетану", "Келісім", "Ықылас", "Алғыс айту" күндері деп белгіленіп отырған әр күн адамдарды ынтымақ пен бірлікке, татулыққа шақырмақ.


Түркістанда Алғыс айту күні мерекесі басталып кетті

Бүгін Түркістан қаласында 1 наурыз - Алғыс айту күніне орай онкүндік басталды. "Тарихқа тағзым", "Қайырымдылық", "Шабыт", "Көршіге ізет", "Тазалық", "Құрмет", "Өлкетану", "Келісім", "Ықылас", "Алғыс айту" күндері деп белгіленіп отырған әр күн адамдарды ынтымақ пен бірлікке, татулыққа шақырмақ. Тарихи Мәдени Этнографиялық Орталықта өткен онкүндіктің ашылу салтанатына қаланың зиялы қауымы, ақсақалдары, студент жастар мен БАҚ өкілдері қатысып, жаңашыл іс-шараға үлкен мән беретіндерін, мұндай шара елді бірлікке үндейтінін айтты.