Сайысқа қатысушылар дойбы, асық ату, тоғызқұмалақ және ләңгі тебуден өзара бақ сынасты.
Түркістанда балаларға арналған жазғы ашық алаң ойындары басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан қаласында балалар мен жасөспірімдерге арналған жазғы ашық алаң ойындары басталды. Сайысқа қатысушылар дойбы, асық ату, тоғызқұмалақ және ләңгі тебуден өзара бақ сынасты. Екі күнге созылған спорттық жарыс қала тұрғындары арасында салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау және бұқаралық спортты дамыту мақсатында ұйымдастырылған. Жарыстың алғашқы күнінде 500-ге жуық тұрғын қатысты.
Жарысқа қатысу үшін тұрғындар қаладағы Ж.Жабаев атындағы мектеп алдындағы ашық алаңға, Т.Бокин көшесіндегі тұрғын үйдің ашық алаңына және Абылай хан көшесіндегі тұрғын үйдің ашық алаңына баруы керек. Спорттық сайыс 16-17 мамыр күндері сағат 18:00 мен 20:00 аралығында өтеді. Жарыс жеңімпаздары арнайы Алғыс хаттармен және медальмен марапатталады.