Аталған жұмыстың басты мақсаты - «Цифрлы Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру.
Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің барлық аумақтық аудандары мен қалаларының қызметкерлері базарлар мен сауда орындарында кәсіпкерлердің салық заңнамасы нормаларын орындауы бойынша және «Цифрлы Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бағытында тексеру және түсіндіру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Шараға «Атамекен» ҰКП, «Нұр Отан» партиясы филиалдарының өкілдерімен және БАҚ өкілдері қатысты.
Айта кету керек, тақырыптық тексеру жұмысы кезінде 112 заң бұзушылық фактілері орын алғаны анықталды.
Бүгінгі таңда аталған заң бұзушылықтарды жою мақсатында тұлғаларға хабарламалар жолданып отыр.
Түркістан қаласы бойынша 337-ден астам тұлғалар дара кәсіпкерлер ретінде тіркеуге алынған.
Салық саласының мамандары шара барысында цифрлық бағдарламаны жан-жақты түсіндіріп, кең көлемде мәліметтер берді. Сауда орындарындағы кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап беріп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.