Түркістанда "Қазақ хандары" мемориалды кешені салынып жатыр

0
1 252

Биыл құрылысы аяқталады.


Түркістанда

Хандар мен билер туралы ақпаратты түрлі жолмен алуға болады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ..

Түркістан қаласында «Қазақ хандары» мемориалды кешенінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Киелі шаһардың рухани-мәдени орталығындағы тарихи нысанның маңызы зор. Себебі, мұнда 21 қазақ ханы мен сұлтандар, билер жайлы ақпараттар және тарихи көріністерді бейнелейтін композиция орнатылатын болады. Сонымен қатар, ақпараттар қазақ, ағылшын тілдерінде беріледі.

Сондай-ақ, "Әзірет-Сұлтан" қорық музейі аумағында жерленген зиялы қауымдар жайлы толық ақпарат, яғни олардың өмір сүру дағдысы мен қызметі бойынша электронды тақтайшалар қойылады. Одан бөлек, QR-код арқылы да гаджет көмегімен мәлімет алуға мүмкіндік болады.

2020 жылдың мамыр айында құрылысы басталған кешен биыл пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Жалпы, тарихи нысан қазақ жауынгерінің бас киімі, киіз үй және музей күмбезі іспеттес дүниелердің ортақ туындысы болмақ.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Түркістан қаласы ауқымды құрылыс алаңына айналып отыр. Биылдың өзінде орталық стадион, су спорт кешені, тұрғын үй сынды нысандар пайдалануға беріледі.