Түркістанда «Сен талантсың!» байқауының екінші кезеңі өтті

0
432

20 баланың барлығына ынталандыру сыйлығы табысталды.


Түркістанда «Сен талантсың!» байқауының екінші кезеңі өтті

Түркістанда «Сен талантсың!» байқауының екінші кезеңі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгін Түркістанда мүмкіндігі шексіз жастар арасында шығармашылыққа бағытталған облыстық «Сен талантсың!» байқауының екінші кезеңі өтті. Қатысушылар 2 бағыт бойынша сайысты. Оның алғашқысы сахналық өнер (ән, би, күй) бағытында 3-5 минут уақыт аралығында өнер көрсету болса, екіншісі көркем өнер (кескіндеме, сурет, тоқыма т.б қолөнер шығармалары) бағытында сол сәтте өз өнерін ортаға салды.


«Байқауға қатысушы жандардың мүмкіндігі шектеулі болса да, жүректерінде тұнған сезім мен өнерге деген сүйіспеншіліктерімен бізді тебірентіп, шараны жоғары деңгейде алып шықты. Бар күш-жігерлеріңізді жиып, осы додаға қатысқандарыңыздың өзі үлкен жетістік. Барша қатысушы өнерпаздарға үлкен алғысымызды білдіреміз», – деген «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Ернар Бектаев іс-шара соңында байқауға қатысқан 20 баланың барлығына ынталандыру сыйлығын табыстады.


Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен өткен байқау мақсаты – жастар бойында адалдық пен сенімділікті, парасаттылықты, отансүйгіштікті, олардың қоғамдағы мүмкіндігін кеңінен насихаттау және жас таланттар шығармашылығын қолдау, сондай-ақ, мүмкіндігі шексіз жастар бойындағы дарынды анықтау, ортамен тығыз байланыс орнату.