Түркістанда тағы бір туристік нысанның іргетасы қаланды

0
593

Түркістанда қонақүйлер көбейеді.


Түркістанда тағы бір туристік нысанның іргетасы қаланды

Облыс әкімі Дархан Сатыбалды жаңа апарт-отельдің құрылыс жоспарымен танысып, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Туристік маусымның ашылуы күні Түркістанда тағы бір туристік нысанның іргетасы қаланды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды жаңа апарт-отельдің құрылыс жоспарымен танысып, инвестордың жұмысына сәттілік тіледі. Саяхатшыларға ыңғайлы қонақ үй кешені жобасының инвестициялық құны 1,71 млрд. теңге. Төрт қабатты ғимаратта бір бөлмелі – 66, екі бөлмелі 9 орынжай бар. Апарт-отель жыл соңына дейін тапсырылады деп жоспарланып отыр.


Жалпы Түркістан облысында жыл сайын қонақүйлер саны артып келеді. Облыста 225 орналастыру орындары: қонақ үйлер, хостелдер, демалыс аймақтары, балалар лагерлері және 68 санаториялық-курорттық ұйымдар жұмыс істейді. Өткен жылы жалпы сомасы 22,86 млрд. теңгеге 19 туристік нысан пайдалануға берілді. Олардың ішінде «Platinum», «Khan palace», «Almaty hotel» қонақ үйлері, «Шаға» туристік-рекреациялық орталығы, «Отау» ойын-сауық орталығы, туристерге арналған Сапар орталығы және өзге де нысандар бар.


2022 жылы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне бір күндік келушілер саны 805383 адамды құрады. «Отырар» мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайына 420064 адам келген. Биыл туристер саны артады деп күтілуде.


Наурыз мерекесін 10 күн бойы мағыналы іс-шаралармен атап өту бағдарламасы бойынша 20 наурызда Түркістандағы «Керуен сарай» кешенінде І халықаралық «Kazagro / Kazfood» Turkistan» сауда жәрмеңкесінің ашылуы өтеді. 21 және 22 наурыз күндері Ұлыстың ұлы күніне арналған ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылады.