​Түркістанда Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра – дастан» іс-шарасы өтті

0
134

Кеш соңында барлық өнерпаздар мен домбыра үйірмелерінің оқушылары қалың көрерменмен бірге «Балбырауын» күйін орындады.


​Түркістанда Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра – дастан» іс-шарасы өтті

фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

ERNUR.KZ. Түркістан қаласында Ұлттық домбыра күніне орай «Домбыра – дастан» атты мерекелік іс-шара өтті. Түркістан облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Ержан Исатаев құттықтау сөз сөйлеп, домбыраның ұлт руханиятындағы маңызына тоқталды.

– Ұлттық мұраны ұлықтайтын бүгінгі шараның руханиятты дамытуға қосар үлесі мол. Домбыра – ұлттық аспап қана емес, елдің болмысын, жан-дүниесін айшықтайтын ұлы мұра. Осы құндылығымызды қастерлеп, жанын серік еткен барлық қатысушыларға алғысымды білдіремін, – деді Ержан Ибадуллаұлы.
Кеш барысында Сүгір Әлиұлының «Ыңғай төк», Абай Желдібаевтың «Ерке сылқым», Зейнеп Аласьяның «Ертұғрыл», Құрманғазының «Айжанқыз», «Адай», «Балбырауын» сияқты ұлттық күйлері орындалып, көрерменнің зор қошеметіне бөленді. «Тұмар», «Алқоңыр», «Түркістан» ансамбльдері мен мемлекеттік шығармашылық тапсырыс аясында ашылған үйірмелердің шәкірттері өз орындаушылық шеберлігімен көзге түсті. Сондай-ақ, «Фараб», «Самғау» би ансамбльдерінің билері сахнаның көркін аша түсті. «Жайсаң дала», «Ақжелең», «Тұлғаларға туынды» сынды шығармалар ұлттық мұраның ұлағатын сездірді.

Кеш соңында барлық өнерпаздар мен домбыра үйірмелерінің оқушылары қалың көрерменмен бірге «Балбырауын» күйін орындады. Айта кетейік, Түркістан облысында «Ұлттық домбыра күні» мерекесіне орай бірқатар шара өтті. Атап айтқанда, Түркістан қаласында «Тұран даласының күйлері» қалалық күйішілер байқауы, «Достық» үйінде «Үкілі домбыра» фестивалі ұйымдастырылды. Сондай-ақ, «Фараб» кітапханасында дәстүрлі «Күй құдіреті» республикалық күйшілер байқауы ұйымдастырылып, республиканың әр аймағынан келген 25 өнерпаз бақ сынады. Аудан-қалаларда 100-ге тарта мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылды.