Чемпиондарды арнайы алғыс хаты және естелік сыйлықтарымен марапаттады.
Келес ауданының әкімі Әлем және Еуропа чемпионатынан жүлдемен оралған спортшыларды марапаттады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев әлем және европа чемпионатынан жүлдемен оралған спортшыларды қабылдады.
«Еліміздің көк байрағы екі үлкен, Россия және Қытай сынды мемлекеттердің туларынан жоғары түрғанын көріп өте қатты қуандым. Сіздердің жетістіктеріңіз жастарға өнеге. Сіздер секілді көк байрақты бүкіл дүние жүзі қарап отырған чемпионатта желбірететін спортшыларымыз көп болсын», - деген аудан әкімі чемпиондарды арнайы алғыс хаты және естелік сыйлықтарымен марапаттады.
Атап өтсек, Қасымбаев Қалдар Абдукаримович – Украина мемлекетінің Киев қаласында Джиу-джитсудан ересектер арасында комбат-систем бойынша өткен Әлем чемпионатының 1 орын иегері. Ал, Ережепов Досбол Көпжасарұлы – Украина мемлекеті Киев қаласында өткен Джиу-джитсудан Әлем чемпионатының 3 орын иегері. Сонымен бірге, Жалал Абай Еркінұлы – Ресей Федерациясының Қазан қаласында өткен ММА аралас жекпе-жектен Европа чемпионатының 2 орын иегері атанған.