Түркістандық диқандар 1 гектардан 500 мың теңгеге дейін пайда табады

0
398

Биыл шаруалар әр гектардан орта есеппен 30 центнерден өніп алады.


Түркістандық диқандар 1 гектардан 500 мың теңгеге дейін пайда табады

Түркістан облысында мақта терімі басталып, шаруалар іске кірісті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында мақта терімі басталды. Мақтаарал, Жетісай аудандарына жасаған жұмыс сапарында ауыл шаруашылығы саласындағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысқан Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев шаруалармен кездесті. Биыл шаруалар әр гектардан орта есеппен 30 центнерден өніп алып, 500 мың теңгеге дейін пайда табады. Егіс алқабында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов өңірдің саладағы жетістіктерімен бөлісті.


"Осындай өнім алып, тауар өндірушілердің әлеуметтік экономикалық жағдайын арттыруға бұл Мемлекет басшыларының екіжақты ынтымақтастық туралы келісімінің арқасында. Өйткені, бұл екі аудан да трансшекаралық Достық каналы арқылы су ішеді. Бұл Өзбекстан Республикасы арқылы келеді. Жақсы жұмыстар нәтижесінде биылғы қуаншылыққа қарамастан Мақтаарал мен Жетісай аудандары тиісті деңгейде ағын сумен қамтамасыз етіліп отыр", - деді ол.