Түркістандық кәсіпкердің қоймасы диқандарға тиімді қызмет көрсетіп жатыр

0
589

4 мың тонна өнім сиятын қойма тұрғындарға қызмет етіп жатыр.


Түркістандық кәсіпкердің қоймасы диқандарға тиімді қызмет көрсетіп жатыр

Келес ауданындағы Ақтөбе ауылдық өкругінде мол өнім сақтайтын қойма бар, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Келес ауданы Ақтөбе ауылдық округінің диқандары 4 мың тонна өнім сиятын қойманың қызметін бірнеше жылдан бері пайдаланып келе жатыр. Аталған округтегі Ақжар елді мекенінде орналасқан жеке кәсіпкер Садықұлы Әбдімүтәлидің бұл қоймасына жылына екі рет жазғы және күзгі, яғни бірінші және екінші ауыл шаруашылы өнімдерін сақтауға болады.

«Қойма арқылы диқандарға қызмет етіп келе жатқанымызға 6 жыл болды. Негізгі мақсат – өнімдерді ұзақ уақыт сақтай отырып, бағаны тұрақтандыру және өзіміздің кәсіпкерлерге тиімді қызмет ұсына отырып, сырттан өнім сатып алмауға мүмкіндік жасау. Қазір төрт тұрғын тұрақты жұмыс істейді, ал жалақылары 70-100 мың теңге аралығында»- дейді жеке кәсіпкер.

Сондай-ақ, ел игілігі үшін салынған қоймада жергілікті шаруалар үшін жеңілдік те қарастырылған. Атап айтсақ, коммерцанттар бұл қоймада өнім сақтау үшін ай сайын бір келіге 2 теңге төлесе, жергілікті диқандар 1 теңгеден төлейді екен.Бүгінгі таңда қоймада 700 тоннаға жуық бидай сақталып тұр.