Кәсіпкерлер өздерінің тарапынан заң талаптарын түсінетіндігін жеткізіп, ұялы телефонмен электронды төлем қабылдау бағдарламалары бойынша сұрақтар қойып қызығушылық танытқан.
Облыс әкімінің орынбасары М.Мырзалиевтің тапсырмасымен Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы, Түркістан облысының мемлекеттік кірістер департаменті, Түркістан қаласы мемлекеттік кірістер басқармасы, «Альфа банк» АҚ Түркістан облысы бойынша еншілес ұйымының қызметкерлерінің қатысуымен «Бизнесті көлеңкеден шығару, шағын және орта бизнестің өнім шығару көлемін ұлғайту» іс-шарасы аясында Түркістан қаласындағы «Қуаныш» базарында сауда субъектілеріне бақылау-кассалық машинасын орнату және қолма-қол ақшасыз төлем аппараттарын (терминал) орнату жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Айта кетейік, «Қуаныш» базарының ішінде арнайы бекет ашылып, онда мемлекеттік кіріс департаментінен 1 қызметкер, халыққа қызмет көрсету орталығынан 1 қызметкер және «Қазпочта» АҚ 1 қызметкер тұрақты түрде өздерінің қызметтерін көрсетуде.