Егіз спортшылар алтыннан алқа тағынды.
Сарыағаш ауданының кикбоксшылары Қырғызстаннан жеңіспен оралды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қырғыстан Республикасында кикбоксингтен спорттық клубтар мен жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтті. Аталмыш чемпионатқа Сарыағаш ауданының «Қажымұқан атындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің» командасы қатысып, жүлделі орындармен оралды. Атап айтқанда, әртүрлі салмақ дәрежесінде жүлделі орын иеленген Ерасыл және Нұрасыл Ергешбай жүлделі 1-орын, Бекарыс Талип 2-орын, ал, Ақарыс Талип 3-орынға қол жеткізді.
«Табандылық танытып, Азия чемпионатында еліміздің мерейін үстем еткен жас спортшыларымызға алдағы уақытта да жеңіс пен толағай табыс тілейміз. Жалпы жарысқа Сарыағаш ауданынан 5 спортшы аттанған. 300-ден аса спортшы қатысқан жарыста Сарыағаш ауданының ағайынды-егіздері алтыннан алқа тағынып, жеңіспен оралды», - делінген Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.