Түркістандық полицейлер 400-ден астам құқықбұзушылықты анықтады

0
1 024

Шара мақсаты – жасөспірімдер қылмысын азайту болып табылады.


Түркістандық полицейлер 400-ден астам құқықбұзушылықты анықтады

Түркістан облысының полиция қызметкерлері «Жасөспірім» жедел-алдын-алу іс-шарасы аясында 400-ден астам құқықбұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы полиция қызметкерлері 2019 жылдың 04-10 қаңтар аралығындағы «Жасөспірім» жедел-алдын алу іс-шарасының қорытындысын шығарды.

Жедел-алдын алу іс-шарасына жергілікті полиция қызметінің 500-ден аса қызметкерлері, сондай-ақ прокуратура, білім беру, денсаулық сақтау, ата-аналар комитеті және басқа да қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық-ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

«Жасөспірім» жедел-алдын алу іс-шарасының қорытындысы бойынша полиция бөліміне 439 кәмелетке толмағандар жеткізілсе, соның ішінде 434 жасөспірім құқықбұзушылыққа жол берген. Бала тәрбиелеу міндетінен жалтарғаны үшін 7 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылған.


Кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі полиция 380 жасөспірімді, түнгі уақытта заңды өкілдерінің ілесіп жүруінсіз тұрғын үй-жайлардан тыс аумақта, сондай-ақ ойын-сауық мекемелерінде болған 15 кәмелетке толмағандарды анықтады. Алкогольдік және темекі өнімдерін таратуда 13 жайтты айғақтады.

Сондай-ақ, құқықбұзушылыққа бейім және 50 қолайсыз отбасында тәрбиеленіп отырған 54 жасөспірім алдын-алу есебіне тіркеуге қойылды, кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссияға 27 материал жолданып, оның 3-уі ата-аналық құқығынан айыру туралы материалдар.

дереккөз: Түркістан облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі