Түркістандық полицейлер із-түссіз жоғалған қызды тапты

0
672

Анасы мен қызы өзара сөзге келіп қалған.


Түркістандық полицейлер із-түссіз жоғалған қызды тапты

Түркістандық тәртіп сақшылары үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған қызды тапты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы Сарыағаш АПБ-ға жергілікті тұрғын әйел арызданады. Өз арызында әйел кәмелет жасына толмаған 15 жасар қызының үйінен 4 күн бұрын ешкімге айтпастан шығып кетіп, қайта оралмағанын көрсеткен. Ата-анасы қызын өз еріктерімен іздеп, алайда еш нәтиже шықпағанын айтқан.


Сарыағаштық полицейлер ата-анасының қызды іздеуге жоғалтқан 4 күнін ескеріп, іздестіру жұмыстарына жеке құрамды жұмылдырды. Сонымен қатар, арнайы жедел уәкілдер тобы Шымкент қаласына қарай аттанады. Осылайша жан-жақты жүргізілген іздестіру жұмыстары өз нәтижесін көрсетіп, полицейлер жоғалған қызды Шымкент қаласынан тапты.


Белгілі болғандай анасы мен қызы өзара сөзге келіп қалған. Ашуға бой алдырған 15 жасар қыз Шымкент қаласындағы құрбысының үйіне кетіп қалып, телефоның сөндіріп тастаған. Бүгінгі таңда жоғалған қыз отбасымен қайта қауышты. Тәртіп сақшылары қыз бен оның отбасы мүшелеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қызының аман табылғанына риза болған анасы, сақшыларға алғысын айтты.