Түркістандық саудагерлер жолды жауып, көліктерді жүргізбей тастады

0
859

Оқиға орнына прокурорлар мен полицейлер шұғыл жеткен.


Түркістандық саудагерлер жолды жауып, көліктерді жүргізбей тастады

Түркістан облысы Жетісай ауданының орталығы Жетісай қаласында базарлардың ашылуын талап еткен сатушылар жолды жапты, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

"Халық қиналып жатыр. Бала-шағаны қалай асыраймыз?!" деп шулаған жетісайлық сатушылар карантин режимінде базарлардың жабық тұрғанына наразылығын білдірді. Олардың барлығы да Жетісай қаласында орналасқан «QARAQAI» базарында киім-кешек сатумен айналысатын сатушылар. Ашынғаннан қаладағы М.Әуезов пен С.Қожанов көшелерінің қиылысында автокөліктерді жүргізбей тастады. Карантин режиміндегі шектеулермен келіспейтінін айтқан көпшілік базарлардың ашылуын талап етті.

Оқиға орнына прокурорлар мен полицейлер, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері шұғыл жетіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізген.

"Хабарлама түскен бойда аталмыш жерге Жетісай ауданы әкімдігінің жауапты мамандары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және Жетісай ауданы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мамандары барып шектеулердің сақталу себептері мен індетке қарсы қауіпсіздіе шаралары, алдын алу жолдары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, екі жақ ортақ мәмілеге келіп, Түркістан облысының бас санитарлық дәрігері бекіткен қаулыны толықтай сақтауға келісті",- деп мәлімдеді Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы Бейбіт Қазыбеков.