Түркістандық шаруалар жылына екі рет өнім алуға белсене кіріскен

0
824

Қожалық өнім толық жиналып болған соң, жерді өңдеп, күздік қияр дақылын егуді жоспарлап отыр.


Түркістандық шаруалар жылына екі рет өнім алуға белсене кіріскен

Төлеби ауданының диқандары шаруалар жылына екі рет өнім алуды қолға алған, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Төлеби ауданы Бірінші мамыр ауыл округіндегі «Баймырза» шаруа қожалығы 3 гектар алқаптан жылына екі рет өнім алуып жатыр. Серіктестің меңгерушісі Ахледдин Заиров биыл 1 гектарға - қызанақ, 0,5 гектарға - қияр, 1,5 гектарға - картоп және сәбіз еккен. Қожалықта 4 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Маусымдық кезеңде қосымша 8-10 адам жұмысқа тартылады. Бүгінгі күнге дейін шаруа қиярдан 4 тонна өнім алып, жергілікті сауда орындарына саудаға шығаруда. Жиналған қияр орны қайта өңделіп, 2-өнім ретінде күздік қияр дақылы егілетін болады. Сонымен қатар, картоп пен қызанақ жинау жұмыстары басталған.

Аталған округтегі келесі қожалық «Көл-2005» ЖШС. Онда бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу бағытында серіктестік 3 гектар алаңға 2 гектар - қызанақ, 0,5 гектар - қияр және 0,5 гектар - сәбіз егіп жұмыстар жүргізуде. Маусымдық кезеңде 8-10 адам, тұрақты 2 адам жұмыспен қамтылған. Бүгінгі күнге дейін күтіп-баптау жұмыстары жүргізіліп, тамыз айының басында өнім жиналады. Қожалық өнім толық жиналып болған соң, жерді өңдеп, күздік қияр дақылын егуді жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, егістіктен жылына екі рет өнім алуды кәсіп еткен Бірінші мамыр ауыл округіндегі Улходжаев Раушанбек жеке кәсіпкерлігі 3 гектар жерге - қырыққабат, 1,5 гектарға - қызанақ, 1,5 гектарға - қияр және 0,3 гектарға - болгар бұрышын еккен. Шілде айының соңынан бастап қиярдан алғашқы өнім жинауды жоспарлап отыр. Онда 4 адам тұрақты жұмыспен қамтылған, маусымдық кезеңде 10-15 адам қосымша жұмысқа тартылатын болады. Шаруа 2-өнімге күздік қызанақ және қияр дақылдарын егуді жоспарлауда.