Өзбекстан мен Қырғызстаннан басым түсіп, 1 орынды иеленді.
Түркістандық спортшылар Азия чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шардара ауданы әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев және аудандық мәслихат хатшысы Арман Қарсыбаев Азия чемпиондарын қабылдады. Тарқатып айтсақ, 27-30 сәуір аралығында Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласында гір көтеру спортынан халықаралық Азия чемпионаты өткен болатын. Айтулы додада еліміз командалық есепте Өзбекстан және Қырғызстан мемлекеттерінен басым түсіп, 1-орынды иеленді. Республикалық команда сапында Шардара ауданынан 9 спортшы өнер көрсетіп, оның 8-і жүлдемен оралды.
Ауданымыздың мерейін асқақтатқан жерлестерімізді аудан әкімінің орынбасары және аудандық мәслихат хатшысы ерекше ықыласпен құттықтап, егемен еліміздің намысын абыроймен қорғап жүретіндеріне сенім білдірді. Сондай-ақ, Б.Шомпиев спортшыларға Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар тапсырды.