Түркістандық теннисші халықаралық турнирде жеңіске жетті

0
547

ІТF Juniros халықарлық турнирі өтті.


Түркістандық теннисші халықаралық турнирде жеңіске жетті

Түркістандық жас теннисші халықаралық турнирде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сәуір айының 24-29 күндері үлкен теннистен Өзбекстан Республикасының Самарқанд қаласында 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында ІТF Juniros халықарлық турнирі өтті.


Дүбірлі додада ел намысын қорғаған түркістандық Әдемі Аманкелді мықтылығын танытып, жеңіс тұғырынан көрінді. Бұл орайда, жерлесіміз қыздар арасындағы жұптық сайыста отандасымыз Малика Әмірғалиевамен бірге өзбекстандық Али Мунис Ашурбекова мен Шахноза Маримовадан айласын асырды.


Түркістандық жас теннисші 2,5 жарым сағаттық тартысты ойында 3/6, 6/3, 10/4 есебімен жеңіске жетіп, жұптық кезеңде 1 орынды жеңіп алды.


Әдемі Аманкелдінің жеке бапкері, ҚР Теннистен спорт шебері Қайрат Көшеровтің айтуынша, жас спортшы турнир алдында тыңғылықты дайындалған. Бабы мен бағы келісіп, халықаралық жарыста жеңімпаз атанып отыр. Ол бұған дейін 18 жасқа дейінгі теннисшілер арасында ҚР Кубогының жеңімпазы, ҚР чемпионатының күміс жүлдегері атанған.