Түркістандық ұстаздар Финляндияда білімін жетілдіреді

0
791

100-ге жуық жергілікті ұстаз кәсіби біліктіліктерін арттыру мүмкіндігіне ие болады.


Түркістандық ұстаздар Финляндияда білімін жетілдіреді

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

“Білім және ғылым: жаңа оқу жылының ерекшеліктері” тақырыбындағы тамыз конференциясы онлайн форматта өтті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған конференцияға төрағалық еткен Түркістан қаласының әкімі Рашид Абатұлы өз сөзін бүкіл әлемдегі қиын қыстау кезеңде болашағымызды жарқын етер балаларға қолдау көрсете білген, бұған қоса білімдерінің ақсаңдамауына барын салған ұстаздарға алғыс білдіруден бастады.

“Осы жыл барлығымызға оңай болған жоқ. Тосыннан келген пандемияның қиындығынан жарты оқу жылымызды онлайн өткізуге тура келді. Соған қарамастан өткен Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесінен оқушыларымыздың білім деңгейі төмендемегенін көріп қуанып қалдым. Бұл нәтиже барлық оқытушыларымыздың атқарған үлкен еңбегінің нәтижесі деп білемін. Алдағы уақытта да жұмысымызды жоғары деңгейде атқаруды меже қылып, соған қарай әрекет етуіміз қажет. Болашақ ұрпақтың білім деңгейін арттыруда мұғалімдердің ықпалы зор, сол себепті осыған орай барлық жағдайды жасауға тырысамыз. Менің ойым, кез келген саясаткер өзінің қызмет еткен уақытында білім саласына үлкен серпіліс әкелуге ұмтылу қажет», - деді қала басшысы.

Осы орайда, білім саласында әлем бойынша ең үздіктер қатарында деп танылған Финляндия мемлекетіне 100-ге жуық жергілікті ұстаз барып, кәсіби біліктіліктерін арттыру мүмкіндігіне ие болу жолында келіссөз жүргізілгенін айтты.