Түркістандық жастар науқастарға қымыз бен дәрі таратты

0
1 254

Ауруханада жатқан науқастарға 300 литр саумал-қымыз бен әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға дәрі таратты.


Түркістандық жастар науқастарға қымыз бен дәрі таратты

Түркістан облысы Төлеби ауданының жастары науқастарға қымыз бен дәрі таратты, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Елді індет жайлаған уақытта әр азаматтың көмегі маңызды. Ауыр жағдайды еңсеріп, індетті жеңіп шығу үшін халық болып бірігіп, әр кім өзі үшін, өзге үшін қолынан келген көмегін көрсетіп, жалпыұлттық күрес жүргізіп жатыр. Осы орайда еріктілерге жүктелген міндет те жоғары. Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Амалбек Өміртайдың айтуынша, түркістандық ерікті жастар да түрлі шаралар мен көмек көздерін ұйымдастырып жатыр. Әр аудан бойынша бақылауға алынып, нақты тапсырмалар да берілген.
Осы ретте Төле би ауданының Жастар ресурстық орталығы мамандары мен еріктілері ауруханада жатқан науқастарға 300 литр саумал-қымыз бен әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға дәрі таратты.
«Біз де ауданымыздың ауруханаларында жатқан науқастардың хәліне алаңдап, ақпараттар алып отырмыз. Бүгін дертке дәру, жанға шипа болсын деп саумал және қымыз тараттық. Қазір үш ауруханада 123 науқас бар екен, оның әрқайсынына үлестірдік. Алдағы уақытта да осы үрдісті жалғастырмақ ниетіміз бар. Өйткені ем ретінде жүйелі пайдалану науқасқа әсер етеді деп сенеміз. Сонымен қатар, ауданда парецетамол дәрісіні тапшылықты байқап, бұл мәселені де шешуге тырысып жатырмыз», - дейді Төлеби аудандық Жастар ресурсттық орталығының басшысы Пердебек Сержанұлы.
Ал аурухана дәрігерлері мен ем алушылар өзара байланысты қуана қабылдап, алғыстарын білдіріп жатыр.