Мақтааралдық полицейге 2,6 млн теңге айыппұл салынды
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Түркістан облысы Полиция департаменті Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қызметкері М. ЖҰМАДІЛОВТІҢ құқыққа қайшы әрекетін анықтап, жолын кесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
2018 жылғы 7 желтоқсанда ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаменті М. Жұмаділовті Өзбекстан Республикасының азаматы үшін тұру ықтиярхатын ресімдеуде жәрдем көрсеткені үшін 260 мың теңге мөлшерінде ақшалай қаражат алу кезінде қылмыс үстінде ұстады.
2019 жылғы 25 ақпанда Мақтаарал аудандық сотының үкімімен М. Жұмаділов ҚР ҚК 190-бабы 3-б. 2-т. көзделген қылмыс (алаяқтық) жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 2,6 млн. теңге мөлшерінде айыппұл салынды.
Дереккөз: ҚР ҰҚК Баспасөз қызметі