​Жанармай құю бекеттерінде сексеуіл сатуға тыйым салынды

0
4 377

Түркістан қаласы аумағында сексеуілді заңсыз сатқан 12 азамат әкімшілік жазаға тартылды


​Жанармай құю бекеттерінде сексеуіл сатуға тыйым салынды

ERNUR.KZ. 2018 жылы 18 заңсыз ағаш кесу оқиғалары (кесілген сүрек көлемі 24,6 текше метр, келтірілген залал 286,1 мың теңге) анықталды, деп жазады ERNUR.KZ тілшісі.

Оның ішінде сексеуіл ағашын кесу – 6 оқиғаға, кесілген сексеуіл сүрегінің көлемі – 10,1 текше метрге жеткен. Одан келген залал сомасы – 141,8 мың теңге. 5 азамат 120 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылып, 3 адам жауапкершіліктен босатылған.

Түркістан облысы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Қырықбай Бақытжан аталмыш жайт жөнінде журналистерге мәлімдеді. Сексеуіл ағашының сиреп кетуінің алдын алу мақсатында 2015 жылы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бұйрығымен республика аумағындағы сексеуіл ағаштарын кесуге 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін тыйым салынды. Сонымен қатар, 2017 жылдан бастап сексеуіл сүрегін саудалауға да болмайды. Жанармай құю бекеттерінде де сексеуіл сатушылардың жолы кесілді.

Түркістан облысы ІІД-нің ақпараты бойынша, 2018 жылы Түркістан қаласы аумағында сексеуілді заңсыз сатқан 12 азамат әкімшілік жазаға тартылды.