​Жыл басынан бері Түркістан қаласында 16 егіз дүниеге келген

0
880

28 жастағы Қымбат Сарыбайқызы Раяна, Рәзия және Рәбия есімді үшемді дүниеге әкеліп, алты баланың анасы атанды.


​Жыл басынан бері Түркістан қаласында 16 егіз дүниеге келген

Бүгін анасының және сәбилердің жағдайы жақсарып, облыстық перинаталды орталықтан шығарылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Қазір үш қыздың жағдайы бірқалыпты. Алдағы уақытта да жағдайларын қадағалап, тұрақты түрде бақылап отыратын боламыз", — деді перинаталды орталықтың бас дәрігері Гүлбану Жұмағалиқызы.
"Керемет сезім, ештеңе айта алмаймын, қатты қобалжып жүрмін. Бүкіл перзентханаға үлкен алғыс айтамын, дәрігерлері керемет! Құдайға шүкір, жолдасым мен енем жанымда болды. Қазір үйде бүкіл отбасым күтіп отыр, өте қуаныштымын! Болашақта тағы балаларым болады деп ойлаймын" - деген Қымбат әсерімен бөлісті.
Қала әкімінің орынбасары Ерлан Бақытжанұлы көпбалалы отбасыға қала әкімнің құттықтауын жеткізіп, арнайы сыйлықтарды табыс етті.
Жалпы жыл басынан бері Түркістан қаласында 3740 нәресте туылса, оның 16-ы — егіздер.