Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері тарапынан азаматтарға түрлі құқықтық көмек көрсетілді және қызықтырған мәселелер бойынша түсініктемелер берілді.
ERNUR.KZ. 2025 жылдың 24 маусымында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен аумақтық департаментатерінде Ашық есік күні өтті.
«Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету шеңберінде құқықтық кеңес беру, азаматтарды қабылдау, Агенттіктің қызметі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданған шаралар туралы презентациялар ұйымдастырылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері тарапынан азаматтарға түрлі құқықтық көмек көрсетілді және қызықтырған мәселелер бойынша түсініктемелер берілді.
Сондай-ақ агенттікке осы салаға қызығушылық танытқан мектеп оқушылары келді. Көпшілігі болашақта өз мамандығын құқық қорғау органдарымен байланыстыруға және елімізде жемқорлықты жоюға өз үлестерін қосуға ниетті екендерін білдірді.
Іс-шараға қатысушылар әділдік, адалдық және парасаттылық тақырыптарын қозғай отырып, өз ұсыныстары және тілектерімен белсенді түрде бөлісті, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жетілдіру жөніндегі идеяларын ұсынды.
Мұндай іс-шаралар азаматтармен тығыз қарым-қатынас орнатуға, олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтан бас тарту мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
❗️Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе WhatsApp-чат-бот: 8 777 000 1424 және @antikorkz_bot Telegram-боты арқылы шұғыл хабарлаңыз.